A place where you need to follow for what happening in world cup

“Өз-өзіне қол жұмсағанға мүлде ұқасамайды»: Шымкентте Өзбекстаннан келген қандас азаматтың денесі бос ғимараттан табылды

127

Шымкент қаласында Өзбекстаннан келген 23 жастағы қандас азамат жоғалып кетіп, кейін бос ғимараттың ішінен асылып түрған күйінде табылды. Жігіттің отбасы оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтіндерін айтып, өлімге біреулердің қатысы бар екенін сезетеіндерін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отбасы қазір уақытында әрекет етпеген полицей қызметкерлеріне өкпелі. Жігіт Өзбекстаннан атамекеніне тек 4 ай бұрын оралған. Содан бері күндіз такси жүргізушісі болып жұмыс істеген. Алайда 20 шілдеде үйіне қайтып оралмаған. Бір жамандықты сезген әкесі бірден полицияға арзданған.

“Балам үнемі көлікпен жүретін. Ол үйге келмеген соң полицейлерге хабарластық. Алайда олар бізге баламыздың қалада такси болып жүргенін атты. Кейін біз егер көлігімен такси болып жүрсе ең болмағанда жолда тоқтатып, тауып берулерін өтіндік. Алайда олар тарапынан еш әрекет болмады”,- деді марқұмның әкесі Нұрғали Алданазаров.

Ата-анасының айтуынша шарасыздықтан олар сол күні Шымкентті аралап, қарап шыққан. Алайда ұлдарын таба алмаған. Тек келесі күні ғана кешкі 5-те оны асылып тұрған жерінен бос ғимараттың ішінен табылғандығы туралы полициядан хабар келген.

“Өз-өзіне қол жұмсағанға мүлде ұқасамайды. Үстінде көгерген жерлері көп, тырнақтары қолдары жарақаттанған. Ал құқық қорғаушылар болса, оны өз-өзіне қол жұмасаған деп отыр”,- деді анасы Бейсенгүл Қалжиева. 

Полиция істі өз-өзіне қол жұмсау бабы бойнша қозғаған.

“Ер азаматтың жіпке асылып тұрған мәйтінің табылғандығы жөнінде хабарлама келді. Аталған қылмыс ҚР қылмыстық кодексінің 105-бабымен тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”,- деді полиция басқармасының тергеу жөніндегі орынбасары Бақытжан Жақсылықов.

Деректерге сай марқұмның өлімі сот медициналық сараптамаға жіберілген. Алайда қорытынды 20 күннен кейін шығады. Әзірге бұл іске күдікті адам жоқ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.