A place where you need to follow for what happening in world cup

Өз қызметін асыра пайдаланбау ескертілді

189

Бүгін облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 және №58 түзеу мекемелерінде адам құқықтары жөнінде уәкіл Берікбол Байхожаев және облыс бойынша ұлттық алдын алу тетігінің өкілі Гусейнали Насировтың қатысуымен азаптауға қарсы іс-қимыл және ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау бойынша облыс прокуратурасымен бірлескен кеңес өтті.

Сапар барысында адам құқықтары жөнінде уәкіл Б.Байхожаев, облыстық прокуратура 5-ші басқармасының бастығы Ө.Арынтаев, облыс бойынша ұлттық алдын алу тетігінің өкілі Г.Насиров азаптауға қарсы конвенцияны сақтау туралы нұсқау берді. Сондай-ақ, ҚАЖ департаментінің орынбасары Қ.Жарылғапов барлық жеке құрамның назарына ҚАЖ комитеті төрағасының нұсқауын жеткізді. Соңында аталған тұлғалар сотталғандарды жеке қабылдап, мекемелерді аралап шықты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.