A place where you need to follow for what happening in world cup

Өткен жылы Таразда 6 мың адам жұмыспен қамтылған

223

Өткен жылы Тараз қаласында ресми түрде жұмысқа орналасуға 7809 адам өтініш білдірген. Оның 6 360 адамы жұмыспен қамтылып, жұмыссыздық деңгейі тұрақты 5,8 пайызды, ең төменгі күн көріс деңгейі 25 904 теңгені құрады. Бұл туралы қала әкімі А. Қарабалаев өзінің тараздықтар алдында берген есебінде айтты.

– 2019 жылға «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында, есепті кезеңде 1867 адам  қамтылды немесе 110,6 пайызды құрап отыр.

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек 8 094 отбасының 43 095 адамына 5,3 млрд. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып төленді. Ағымдағы жылы осы мақсаттарды қаржыландыруға 3 млрд. 151,3 млн. теңге қаржы қарастырылған.

Кезекте тұрған көп балалы аналарды баспанамен қамту мақсатында «Қарасу» мөлтек ауданында 45 пәтерлі 4 шағын жатақханалардың құрылысы аяқталса, ағымдағы жылы «Арай-2» шағын ауданынан 4 жатақхана пайдалануға берілетін болады.

Бұдан басқа, өткен жылы көпбалалы отбасыларына кемінде 3 бөлмелі 144 пәтерлерді сатып алуға республикалық бюджеттен 1 млрд. 172,6 млн. теңге бөлініп, осы үйлер тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларға жекешелендіру құқығынсыз берілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Бәйтерек» мөлтек ауданында  әрқайсысы  15 пәтерлі  6 тұрғын үйдің құрылысына 840 млн. теңге қаржы бөлінді, – деді қала әкімі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.