A place where you need to follow for what happening in world cup

Өміріңізді өзгертетін 20 жақсы әдет

95

«Әдет – екінші табиғат». Саналы және бейсаналы түрде істейтін әдеттеріміз ағзамызға, өмірімізге өзгеріс сылайды. Істі ертеңге қалдырмай, жалқаулықтан арылып, өмір жолымды жақсы арнаға бұрамын десеңіз turkystan.kz тілшісі әзірлеген 20 жақсы әдетті қаперіңізде ұстаңыз.

1) Күнара бөлмеңізді артық қоқыстан тазартып тұрыңыз. Ол үшін күніне 15 минут жеткілікті.

2) Белгілі бір уақытта тамақ ішіңіз.

3) Зиянды тағамнан және фастфудтан бас тартыңыз.

4) Таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдырыңыз немесе күнде таңертең жаяу жүріңіз.

5) Рижимді қалыпқа келтіріңіз. Күнде бір уақытта ұйықтап, бір уақытта оянуға ағзаны үйретіңіз.

6) Кемінде 8 сағат ұйықтаңыз. Бұл ағзаны тонуста ұстау үшін өте маңызды.

7) Телефондағы және компьютердегі ойынрдан бас тартыңыз. Олар уақытыңызды текке ұрлайды.

8) Шет тілін үйренуді бастаңыз. Жоқ дегенде күніне жарты сағат уақытыңызды осыған арнаңыз.

9) Саяхатқа ақша жинаңыз. Өзге елге сапар – ойлау көкжиегіңізді кеңейтеді.

10) Жоспар мен жетістіктеріңізге күнделік арнаңыз.

11) Кез келген мәселенің жақсы жағын ойлаңыз. Жиі күлімсіреп жүріңіз.

12) Алға қойған мақсатыңызға жетелейтін жақсы кітаптар оқыңыз.

13) Тамақ алдында 10-15 минут бұрын бір стақан таза су ішіңіз. Күніне кемінде 2 литр су тұтынуды әдетке айналдырыңыз. Бұл ішкі процестерді жақсартады.

14) Денеңізді сергіте біліңіз. Бұлшық еттердің массасын ұлғайтыңыз.

15) Жоспарлаған ісіңізді кейінге қалдырмаңыз.

16) Сөздік қорыңыздағы жағымсыз және паразит сөздерден құтылыңыз.

17) Күнде бір қайырымды іспен айналысуға тырысыңыз.

18) Еңсеңізді көтеріп, бойыңызды тік ұстап жүріңіз. Омыртқаның түзу болуына назар аударыңыз.

19) Темекі, алкоголь секілді жағымсыз әдеттен арылыңыз.

20) Адамдарға  жақсы сөз айтыңыз. Жақындарыңызға жылы сөйлеңіз.

turkystan.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.