A place where you need to follow for what happening in world cup

Әскери  оқытылған резервке дайындайды

171

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Тараз филиалында әскери даярлықтан өткен   алғашқы тобы 25 ақпанда  әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша даярлықты аяқтады. Оқыту барысында тәжірибелі әскери мамандардан құралған оқытушылық  құрам 24 жастан 27 жасқа дейінгі әскери оқытылған резервке  жауынгерлік даярлық пен әскери іс-негіздерін үйретіп, әскери мамандықтарды, қару-жарақ пен техниканы терең меңгеруге баулиды. Үстіміздегі  жылы жеке құрамды даярлау шаралары «Атқыш»  мамандығы бойынша әскери-оқытылған резерв даярлау бағдарламасы» бойынша өткізілді.  Даярлық кезінде әскери оқытылған резерв жеке құрамына далалық шығу ұйымдастырылып, арнайы полигонда оқудың негізгі пәндері бойынша, оның ішінде тактикалық, инженерлік, барлау дайындығы, жаппай қырып-жою қаруынан қорғау бойынша кешенді тәжірибелік сабақтар өткізіліп, оқ ату даярлығы негізінде әскери қару-жарақтан тәжірибелік ату дайындықтары жүргізілді.

Биыл Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарылуына 31 жыл толуына орай, Тараз қалалық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағының төрағасы Дүкенбай Ермеков бастаған ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Әскери оқытылған резерв бағдарламасы бойынша оқыған азаматтар даярлық соңында емтихандарын тапсырып, әскери ант қабылдады. Ендігі кезекте әскери оқытылған резерв бағдарламасын аяқтағаны туралы арнайы сертификат негізінде әскери билетке қол жеткізеді.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өту — мерзiмдi қызмет өткеруге теңестiріледі. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі» РМҚК Тараз филиалында әскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы аясында әскери даярлықтан өткен азаматтардың Қазақстан Республикасының күштік құрылымдарының қатарында қызмет етуге мүмкіндіктері бар.

Айдар Рысбеков,

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс  министрлігінің Әскери-техникалық мектебі»  РМҚК Тараз филиалының нұсқаушысы,  запастағы офицер, лейтенант.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.