A place where you need to follow for what happening in world cup

Әріптестік негізде қызмет етеді

228

«Antikor ortalygy” баспасөз алаңында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының директоры, облыстық ақпараттық, ағарту-насихаттау штабының басшысы Қасымхан Төлендиев ,ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Әділхан Әшірбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан, ҚР Бас прокуратурасының Құқық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының басшысы Сәкен Жорабеков, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев және «QAZAQSTAN» РТРК АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры Мейіржан Жиенәлі – Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан жүйелі шараларға, «Адалдық, Парасаттылық, Сенім» қағидатын қолдай отырып алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың пайда болу жағдайлары мен себептерін жоятын демократиялық институттарды нығайтуға және дамытуға бағытталған құқықтық, қоғамдық – саяси, әлеуметтік – экономикалық іс – шаралардың тұтас жүйесін қалыптастыруға белсенді түрде атсалысуға уағдаласып бірлескен Меморандумға қол қойды.
Бұл мемарандум ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерімен ымырасыз күрес жүргізу жөніндегі сайлауалды бағдарламасындағы «Сыбайлас жемқорлықты жою!» басымдығын іске асыру мақсатында жасалған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.