A place where you need to follow for what happening in world cup

Әлеуметтік жобаның берері мол

253

Жуырда облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы өтті.  Аталмыш шараға пробация қызметкері, әділет майоры Нұрхан Садырқұлов және жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Мұрат Әмреев қатысты.

 Бұл жоба ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген пробация қызметінде есепте тұратын және жаза өтеу орнынан босатылатын азаматтарды әлеуметтік бейімдеу кешенді стратегиясының негізінде құрылған.

– Жобаның негізгі мақсаты – абақтыдан босанып шыққандарға әлеуметтік көмек көрсету, білім алу, жаңа өмір бастағысы келген азаматтарға моральдық, психологиялық көмек көрсету және де жеке өміріндегі құқықтарын заңды түрде қорғауға көмектесу. «Қақпа алдында кездесу» жобасын өткізу барысында мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектер туралы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы, жұмыспен қамту орталықтарының міндеттері сотталған азаматтарға толықтай түсіндіріледі. Одан кейін сотталғанмен еңбек, құқықтық,эстетикалық, адамгершілік, физикалық және ағарту сипатындағы процестер жүзеге асырылады, – дейді мекме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев.

Жоба аясындағ бұл шара жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңілдетілген түрге ауыстыруға жататын Ғ. Самбетов есімді сотталғанға қатысты болғандықтан, ол бұл кездесуден өздеріне қажетті барлық ақпаратты ала алады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.