A place where you need to follow for what happening in world cup

«Әлеуметтік желі қолданушылары №13 және №15 ықшамаудандарындағы сапасыз құрылысты сынға алып жатыр» – Б. Сапарбаев

193

Облыс әкімдігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар тапсырмаларын берді.

— Ауыл шаруашылығында  егістік көлемін арттыру керек. Сондай-ақ мал шаруашылығын да дамыту кезек күттірмейтін мәселе. Бұл бағытта Жамбыл өңірінің  тұрғындарының тұрмысын жақсартатын жақсы жоба бар. Осы бастама одан ары жалғасын табу үшін бұған дейін бөлінген қаржыны толықтай игеріп, жаңаша жоспар жасау қажет. Ет экспорты бойынша былтырғы меже көңіл көншітпеді. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар да жаңаша жанданады.

Суармалы егістік көлемін ұлғайту үшін механикалық жасақ құрылған екен, ол жасақ  өз жұмысын жалғастырады.

Тұрғын үй құрылысына келсек, әлеуметтік желі қолданушылары №13 және №15 ықшамаудандарындағы сапасыз құрылысты сынға алып жатыр. Біз осындай жағдайға  жол бермеуіміз керек.

Облыс орталығында бұған дейін салынған тарихи-мәдени кешендердің құрылысы жоспар бойынша жалғасын табады. Сондай-ақ бізге «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізін тиімді пайдалануымыз керек, -деді  Бердібек Мәшбекұлы.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.