A place where you need to follow for what happening in world cup

Әлеуметтің әл-ауқатын арттыру – басты мақсат

229

Өткен жылы Шу ауданының кәсіпкерлеріне мемлекет тарапынан жалпы 2,1 млрд. теңге қаржы берілді. Оның ішінде: «Еңбек» бағдарламасы аясында 154 адам 627,4 млн теңге шағын несие алды, 830 азаматқа 461,1 млн теңге (1 адамға -555 мың тг) өз кәсібін бастауға қайтарымсыз грант берілді.

Жалпы ауданда іске асырылған жобалар шеңберінде 2020 жылы 7895  адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Ақылы қоғамдық жұмысқа 2 667 адамға жолдама берілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 1496 адам жұмыспен қамтылды.

2021 жылы Төле би ауылы Балуан Шолақ көшесінде орналасқан ескі ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп, ауданаралық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығын ашу жоспарлануда. Бұл жобаға облыстық бюджет есебінен 137,5 млн теңге қаржы қарастырылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.