A place where you need to follow for what happening in world cup

Ұлттар достығын ұлықтаған турнир

188

Ырыс – ынтымақтан бастау алатыны белгілі. Бірлігін бекемдеп, елдігін паш еткен Қордай ауданы тұрғындары келісті істерімен көпке үлгі болуды бұрыннан мақсат тұтқан ел. Осыған дейін Қарасу ауылынан Қарасайға дейінгі елді мекен жұртшылықтары ұлтаралық татулықты нығайтуға бағытталған түрлі шараларды қолға алып, ел ықылыласына бөленген болатын. Алдымен Қарасай ауылында шағын саябақ бой көтерсе, Наурыз мерекесі қарсаңында Сортөбеде ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылған болатын. Жақында ғана қазақ-дүнген ұлты бірігіп Қаракемер ауылындағы мешіт маңына жеміс ағаштарын отырғызса, ауылдың имамына көлік кілті табыс етілген еді. Ал, бүгін Масаншыда аталмыш ауылдардың жастары арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және ұлтаралық келісім мен ынтымақты нығайтуға бағытталған шарада спортшыларға алдымен Масаншы ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Дыдыр Двумаров батасын беріп, мұндай шаралар жастар арасында достықтың артуына, ұлттар арасындағы келісімнің берік болуына үлкен ықпал ететінін айтып өтсе, Қаракемер ауылынан жастар командасын бастап келген жаттықтырушы Шыңғыс Дүйсенбек салауатты өмір салтының маңыздылығана тоқталды. Масаншы ауылындағы шағын футбол алаңшасында өткен аяқдоп жарысында ауқаттылық шеберлер қарсылыс шақ келтірмей жеңімпаз атанса, екінші орынға Масаншы командасы ие болды, үштікті Қаракемер ауылының спортшылары қорытындылады.
Қордай ауданында мұндай ұлттар достығын дәріптейтін игілікті іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.