A place where you need to follow for what happening in world cup

Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесі

284

Бүгінгі таңда жастарға ұлттық тәрбие беру өзекті мәселеге айналып отыр. Ел экономикасын тұрақтандыру, патриоттық сезімді арттыру үшін ұлттық тәрбие қажет. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін жаңа ұрпақтың рухани дамуына баса мән беруіміз керек. Еліміздің тәуелсіздік алуы, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ұлттық сана-сезімнің артуы барысында тарихты бойына сіңірген жалпыадамзаттық құндылықтар тәжірибесін жастар тәрбиесінде пайдаланудың маңызы зор. Бүгінгі таңда ұлттық тәрбиені білім беруге енгізудің өзіндік ерекшеліктері бар екені даусыз.

XXI ғасырда заман талабына сай білім, адам санасы өте жоғары деңгейде, өйткені нарықтық экономика қарапайымдылыққа, жалқаулыққа, есепсіздікке жол бермейді. Қазіргі білім берудің басым бағыттарының бірі – жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық іс-әрекет. Бүгінгі таңда жастарға өмірлік тәжірибеде қолдана алатындай білім беру — басты педагогикалық бағыт болып табылады. Жастарды тәрбиелеудегі адами құндылықтарды зерделеу, ұлттық қасиеттерді ашу, жаһандану жағдайында білім беру, жастарға әлемдік мәдениет пен ұлттық салт — дәстүр туралы түсінік беру, осының бәрі жағымсыз әсерлерді жоюдың дұрыс бағыты. Ұлттың жаңа сапасы мен халқымыздың дамуының жаңа парадигмасы егеменді ел азаматтарының санасына сіңген текті тамырдан, тәлім-тәрбиеден бастау алатын ұлттық рухтан құралады.

Жас ұрпақ тәрбиесі – қоғамның, ұстаздар қауымының, ата-аналардың басты мақсаты. Жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ата-баба салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеп, дәріптеу – басты міндетіміз. «Адамның тәрбиесі бәрінен де жоғары, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте күллі тіршілікті апатқа ұшыратады» — деп әлемге әйгілі ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби айтқан. Сондай-ақ Қазақстанның жаңа идеологиясының өзегі – қазақ этносының рухани-тарихи мұрасы екенін айта кеткен жөн. Ол Қазақстанның бүкіл көпэтносты халқының гуманистік, адамгершілік әлеуетін пайдалану арқылы дамиды.

Бүгінгі күні біз өз Отанымыз – егемен Қазақстанға деген сүйіспеншіліктің негізгі қағидаларын қаншалықты ұстансақ, ертеңгі күні болашақ ұрпақ біздің арман-тілектеріміз бен үміттерімізді ақиқатқа айналдырады. Халқымыздың біртуар перзенттері – әл-Фараби мен Абай шығармаларының қомақты бөлігі халық педагогикасының мәселелеріне арналса, қазіргі қоғамның басты міндеті – тұтас тұлға тәрбиелеу. Халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуде, экономиканы дамытуда, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуда және болашағы зор, қарқынды дамып келе жатқан республикамыздың беделін басқа елдердің мойындауында ұлттық тәрбиенің маңызы зор.

  Тимур Маханов

«Экономика» кафедрасының аға оқытушысы         

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.