A place where you need to follow for what happening in world cup

ҰҚК Тараз қаласының тұрғынын ұстады

279

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз тұрғынын ұстады.

ҰҚК мәліметінше, Ақтөбе облысы бойынша Департамент өкілдері аймақтық есірткі арнасында есірткі заттарын жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар Б.Исмайловтың (1973 ж.т.) заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті.

«Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Тараз қаласының тұрғыны Б.Исмайловтың тарату мақсатында аса көлемді гашиш есірткі затын Ақтөбе қаласына жеткізу бойынша пиғылы анықталды. 2019 жылы 9 қазанда ер адамның қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу мақсатында 2,3 келі гашиш алумен бірге, Б.Исмайловты ұстау жүзеге асырылды», — делінген ҰҚК сайтында.

Комитет мәліметінше, 16 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық-іс бойынша мамандырылған ауданаралық сотының үкімімен Исмайлов кінәлі деп танылып, қатаң режимді түзеу мекемесінде жазасын өтеу үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Tengrinews.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.