A place where you need to follow for what happening in world cup

«Үздік психологиялық қабырға газеті» байқауы өтті

240

Жамбыл облысы Қылмыстық-атқару жүйесі депратаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында «Үздік психологиялық қабырға газеті» байқауы өтті. Аталған шара Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға, сонымен қатар ұзақ мерзімге жазаға тартылғандарға  психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 20 тармағын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Байқау сотталған азаматтардың қиялын дамытуға, өмірлік құндылықтарын нақтылауға, шығармашылығын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізу мақсатында өткізілді. Шара барысында жазасын өтеушілерге сурет салу арқылы өз мақсаттары мен ішкі түп санадағы ойларымен бөлісуге мүмкіндік туғызылып, логикалық ойлау қабілеттерін оятуға жағдай жасалды.

Сотталғандардың еңбегін мекеме бастығының орынбасары, әділет  подполковнигі Нұржан Күзембаев, мекеме бастығының орынбасары, әділет  подполковнигі Бақытжан Қасымбеков, мекеме бастығының орынбасары, әділет  подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов және сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету тобының аға инспекторы, әділет майоры Динара Мұсаева бағалады.

Байқауға қатысушылар берілген тақырып аясында өз ой-қиялдарынан туған композицияларды қол шеберлігімен ақ қағаз бетіне түсірді. Сонымен қатар, әр сотталған азамат өзі салған қабырға газеті туралы қысқаша түсіндірме беріп өтті. Тартысты жарыс нәтижесінде 1-жасақтан Р. Алиев және 8-жасақтан Е. Утебаев І орынға лайық деп танылды. ІІ орынды 7-жасақтан Р. Солонович пен 8-жасақтан А. Копликов иеленді. Ал, ІІІ орынға 7-жасақтан Д. Умирбеков табан тіреді. Жүлдегерлерге көтермелеу шараларын ұсынуға мекеме бастығына баянат жазылып тіркелді.


Г. Ибраимова,

ЖД-158/2 мекемесінің аға инспекторы, әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.