Елімізде соңғы айларда орын алған өзгерістің бүгін аяқталғаны жайлы Президентіміз Қ.Ж.Тоқаев хабарлады. Біз үшін бұл жақсы жаңалық болды. Оған қоса, еліміздегі инфрақұрылымдық бағдарламаның жүзеге асатыны жайлы да құлағдар болдық. Ел экономикасының дамуы, азаматтардың табысын арттыру сынды өзекті мәселелер қолға алынатыны да атап өтілді. Қазақстанның даму деңгейі жаңа бағытта жоғары деңгейге көтеріледі деген сеніміміз бар. Ауылшаруашылығы, жасыл энергетика салаларына да баса назар аударылып, ел игілігіне қосылатын үлесі мол деген үміттеміз.
Елге пайдамызды келтіру парыз, ал карантин мерзімі аяқталса да, өзін-өзі сақтықпен қамтамасыз ету баршамыздың міндетіміз.
Найман СҰЛТАНБАЕВ,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының
бірінші орынбасары.
ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың мәлімдемесімен танысып, төтенше жағдай режимінің алынып тасталғанын оқыдық. Десек те, карантиннің сақтық шаралары сол қалпынша қала береді делінген. Төтенше жағдай режимі кезеңінде біраз тоқырауға ұшырасақ та, мемлекеттің күш-қуат жинап вирус індетімен күресе білгенін естіп те, көріп те жүрміз. Осыған орай, Президент қилы сәтте мемлекеттің бұрынғыша аяғынан тік тұрып, экономикасының дами беретініне сендіре білді. Әлеуметтік салалардың біраз бөлігі қайта қалпына келтіріліп, жұмысын жалғастыратыны жайлы да айтылды. Ендігі кезекте, өзіміздің тараптан сақтық шараларын қолданып, тәртіпке бағынатын тұлға ретінде жұмыс атқара берейік. Алдағы уақытта тек жақсы жаңалықтар қуанта берсін.
Жұмаділдә БӘЙТЕРЕК,
аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі,
аудандық ардагерлер ұйымы ҚБ жетекшісі,
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде орын алып жатқан пандемияға байланысты кезекті мәлімдемесін жариялады. Елде төтенше жағдай тоқтатылды. Бірақ босаңсуға әлі ерте. Себебі КРВИ-дің таралуы бәсеңдемеді. Мемлекет басшысы ел тұрғындарын үнемі қорғанып жүруге шақырды. Қорғанысымыз берік болса ғана біз бұл тығырықтан шығамыз.
Данияр ДӘНЕБЕК,
аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің сектор
меңгерушісі.