A place where you need to follow for what happening in world cup

Үкіметтік комиссия мүшелері «Қарасу» шекара бекетіне барып, ондағы жағдаймен танысты

194

Бүгінде аталған бекеттегі жұмыс қалыпты. Азаматтардың өтуіне ешқандай кедергі жоқ. Көрші елден келушілер үшін барлық жағдай жасалған. Шекара бекетінде облыс әкімі Асқар Мырзахметов тұрғындарға сабырлық сақтап, арандатулардың ықпалында кетпеу керектігін жеткізді.
«Қарасу» шекара бекетінде адамдар жоқ, ал Қырғызстаннан келген адамдар кезегі «Ауқатты» пунктінде пайда болған. Бұлар — осыған дейін көршілес республикаға кетіп қалып, енді үйлеріне оралып жатқан қазақстандықтар.
Асқар Исабекұлы отандастарымыздан сабырлық сақтап, арандатулардың ықпалында кетпеуді сұрады. Сондай-ақ аймақ басшысы бұзылған барлық үйлерді қалпына келтірілетінін және отбасыларға көмек көрсетілетінін баса айтты.
Бүгінде аталған ауданда мамандар жұмыс істеп, шығындарды бағалауда. Сонымен қатар облыс әкімі Қырғыз Республикасына кетіп қалғандардың елге қайту керектігін баса айтты. Өйткені ауылдарда құқық қорғау органдарының күшінің арқасында тәртіп пен қауіпсіздік орнатылған. Айта кетерлігі, елге оралып жатқан қазақстандықтар шекарадан жеңілдетілген режимде өтіп жатыр.

 

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.