Қазіргі уақытта елiмiзде барлық әлеуметтiк маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйым қызмет етедi, яғни осыған сәйкес 2022 жылы 16 қарашада Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-аткару жүйесi департаментінде үкіметтік емес ұйымдар мен ұлттық алдын алу тетiгiнiң бастықтары Г.С Насиров пен Д.Р Халидов және ҚАЖ департамент бастығы әділет полковнигі Н.К. Рыспаев, КАЖД бастығының орынбасарлары және мекеме бастықтары қатысқан дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде мекемеде жазасын өтеп жатқан тұлғалар арасындағы әлеуметтік- қуқықтық жағдайлары мен тұрмыстық жағдайын жақсарту және олардың жеке сұрақтары бойынша мәселелері шешіліп және т.б. сұрақтар талқыланды.