Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/1 мекемесін басшы құрам нәтижелі еңбек етіп жүрген әрбір қызметкерлердің, отбасымен тығыз қарым-қатынас орнаткан. Оған себеп, қиындыққа қарамай бұл салада тынымсыз еңбек ететін әрбір жан үшін жанұядағы жылулық, шаңырақтағы шаттық, маңызды екендігі айқын. Бұл күні Режим және күзет бөлім бастығының орынбасары әділет капитаны Дастан Кадиров пен Режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы Азамат Жапаркуловтың шаңырағына бас сұғып, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген ата-анасына өз алғыс білдірді. Д. Кадиров өз сөзінде берекелі шаңырақта қүш қайраты мықты халықтың тыныштығын күзете отырып, ержүрек ұл-қыздар тәрбиеленіп шығаты сөзсіз екенін жеткізді.
Әкеге қарап ұл өсетіні анық. Себебі, бала ата-ананың үлгі –өнегесін көріп қана тәлім алады. Ал Отанына адал әрі абыройлы қызмет етіп, Отан үшін от пен суға түсуге әзір жаннан қорқақ ұрпақ өніп шықпайтыны анық. Сондықтан, тұрақтылық пен халқымыздың тыныштығын күзетіп, елге қорған болып жүрген Сіздердің жанұяларыңызда шаттық орнап, көзге көрінген ұл-қыздарыныздың бақытты ғұмыр кешуі басшы құрам үшін де аса маңызды. Отбасында бірлік-береке болса, қызметтеріңізде де мол жетістікке жетесіздер, деді Д. Қадиров.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық