Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қыз тәрбиесі — ел тәрбиесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді. Жиынға аудандық «Аналар кеңесінің» белсенді мүшесі Қ.Исабаева қатысып, қазақ қызының бойындағы ұлттық тәрбиені ұлағаттап, тәрбие тал бесіктен шығатынын кеңінен түсіндіріп өтті. Болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға дұрыс, өнегелі тәрбие беру жөнінде көптеген пікірлер айтылды.