ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзян Ресейдің Украинада арнайы операция өткізуіне байланысты әскери көмек сұрағаны туралы хабарламалар жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters-ке сілтеме жасап.
«Америка тарапы таратқан тиісті хабарламалар жалған», — деді Қытай СІМ өкілі.
Сонымен қатар Лицзян Қытай қос тараптың бейбіт келіссөздері мен Украинадағы шиеленістің тоқтатылуын қолдайтынын атап өтті.
«Шиеленістің одан ары ушығуына емес, дипломатиялық жағынан реттеуге ықпал етуіміз керек», — деді ол.