A place where you need to follow for what happening in world cup

Қылмыспен күресте қырағылық қажет

295

«Полиция мемлекеттің күштік құралы ретіндегі бейнесінен құтылып, азаматтарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін органға айналады» деді Мемлекет басшысы Жолдауында. Президент құқық қорғау жүйесін толық реформалау – аса маңызды міндет екенін, полиция қызметкерлерінің жұрт алдындағы беделі жоғары болуын, жұмысының нәтижелі болуын да атап өтті.

Әрине, әр азамат полиция қызметкеріне толық сеніммен қарауы керек. Бүгінде полиция қызметкеріне жүктелген міндет өте зор. Полицейлер жұмысының тиімділігі полиция қызметінің беделді болуына байланысты. Олар халықпен тығыз қарым-қатынас орнату кезінде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана білуі қажет. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының өз қызметтік міндеттерін кедергісіз орындауы үшін оларға жасалған жұмыс жағдайының да оң болғаны маңызды. Бұл, өз кезегінде, қылмыспен күресте де үлкен рөл ойнайтыны анық.

Осы орайда, облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының Полиция департаментінде болды. Ол Жедел басқару орталығының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен танысты. Аймақ басшысына бейнебақылау жүйесінің жұмысы көрсетілді.

Содан кейін ол фронт-офис пен тирді аралап, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау жағдайымен танысты.

Сонымен қатар, облыс әкімінің қатысуымен кеңес өтіп, бірқатар проблемалық сұрақтар талқыланды. Оның бірі — кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі болды.

Сондай-ақ, Тараз қаласының көше-жол желісін зерделеуге қатысты мәселелер көтерілді. 2022 жылы қала аумағында 48 «Сергек» камерасын орнату жоспарлануда.

— Өздеріңіз білетіндей, сервистік модельде полиция мен қоғам арасындағы байланыстырушы буын ретінде учаскелік инспекторға басым рөл беріледі. Облыс орталығының аумағында барлығы 30 учаскелік полиция пункті орналасқан, 138 учаскелік полиция инспекторы, 29 УПИ көмекшісі бекітілген.

Норма бойынша олардың әрқайсысына бекітілген учаскедегі халық саны 3200 адамнан аспауы тиіс. Алайда, олардың бұдан екі есе көп тұрғынды қамтуларына тура келуде, — деп атап өтті Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин.

Жиын барысында ювеналдық полицияның жұмысы және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қауіпсіз білім беру ортасын құру мәселелері де айтылды.

Қала мектептерінде барлығы 2027 бейнебақылау камералары орнатылған. Барлық мектептерде дабыл түймесі бар.

Кеңес қорытындысы бойынша Нұржан Молдиярұлы облыс әкімдігі басқармаларының басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі полиция қызметкерлеріне жұмыста сәттілік тілеп, олардың қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталып, халықтың полицияға деген сенімін үнемі арттыру қажеттігін атап өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.