A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚР Мәжіліс депутаты Тараз қаласындағы нысандарды аралады

218

Бүгін өңірге арнайы іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров пен «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

Алдымен облыс орталығын жылумен қамтамасыз етіп отырған «Жамбыл-Жылу» мекемесінің ұжымымен кездесті. Жылыту маусымында 75 қазандығы іске қосылатын мекемеде бүгінгі күні 65 адам жұмыс жасайды. Қазіргі таңда қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүріп жатқандықтан 15 қазандық қана істеп тұр. Кәсіпорында мәселе де жоқ емес. Атап айтқанда, мекемедегі жұмысшылардың жалақысының аздығы. Өткен жылы 25 пайызға, биыл небары 4 пайызға ғана көтеріліпті. Яғни, мұндағы орташа айлық 143 мың теңгені құрайды. Дегенмен 1-шілдеден бастап көгілдір отын, су және электр жарығының тарифі көтерілген. Сондықтан ондағы мамандар бес жылға бекітіліп тасталған тариф қайта қаралса дейді. Себебі, тарифті көтеру арқылы айлықты да көтеруге болады екен.

Кездесу барысында кәсіпорын жұмысшылар халық қалаулысына мамандар тапшы екенін жеткізді. Қазіргі таңда мекемеде токарь, электрик мамандары сұраныс жоғары екен. Аталған мамандардың алды 60-қа келсе, кейінгілері 50-ді еңсерген мамандар. Өз кезегінде, Мұқаш Зұлқарнайұлы дуальді білім беруге баса назар аударылып жатқанын тілге тиек етіп, кәсіпорын басшылығына өңірдегі кәсіптік білім беретін оқу орындарымен байланыс орнатуды тапсырды.

Келесі кезекте «Таразэнергоорталық» АҚ-да болдық. 400-ден астам жұмысшысы бар мекемеде бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Жасыратыны жоқ, осыған дейін облыс орталығында ыстық суға байланысты мәселелер болған. Мекеме басшысы оны жөндеу жұмыстарымен байланыстырды. Күні кеше ыстық су қайта беріле бастапты.

Сонымен қатар «Ұлы дала» мөлтек ауданындағы 1200 орындық мектеп құрылысын да назарға алды. Құрылысын «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС жүргізіп жатқан нысанда осыған дейін мәселе болған еді. Бұл проблеманы партия Жамбыл облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері анықтап, тиісті органдарға ұсыныс та жолдаған болатын. Қазіргі таңда құрылыс алаңында «AMANAT» партиясының партиялық бақылау бекеті орналасқанын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ, аталған мөлтек аудандағы тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен де таныстық. Мәселен, біз бас сұққан 45 пәтерлі 4 үйдің құрылысын «Агроспецстрой» ЖШС жүргізуде. Ағымдағы жылдың қараша айында құрылысы аяқталса тұрғын үйлер ипотекалық негізде берілетін болады.

Саңырақ батыр көшесіндегі жөндеу жұмыстарын да бақылады. Мұндағы жұмысты «АРАЙСТРОЙМАРКЕТ-2003» ЖШС қарқынды жүргізуде. Қазіргі таңда серіктестік бұрынғы жолды түгелімен ысырып тастап жаңадан салуда. Сондай-ақ, мердігер ондағы көшені кеңейтуді де қолға алған. Айта кетерлігі, Саңырақ батыр көшесін жөндеу келер жылы да жалғасын таппақ. Яғни, 2024 жылы Тәуке хан көшесіне дейін толығымен қайта салынады. Нәтижесінде, тақтайдай тегіс жолдың ені 12 метрге дейін ұзартылатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.