A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайлықтар бірліктің үлгісін көрсетті

324

Елімізде орын алған жағдайға байланысты Қордай ауданының Қаракемер, Масаншы, Сортөбе ауылдық округтерінің тұрғындары, кәсіпкерлері мен мешіт жамағаттары бірігіп, ауылдардағы қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында еріктілер жасақтарын құрды.
Масаншы ауылдық мәдениет үйінде қалың көпшіліктің бастамасымен өткен іс-шарада Масаншы ауылдық округінің әкімі Рамазан Малиев, Қаракемер ауыдық округінің әкімі Рашид Алыбаев, Сортөбе ауылдық округінің әкімі Рустам Фушанло, аудандық мәслихат депутаты Айша Идыбо сөз алып, Мемлекет басшысының кешегі Үндеуіне үн қоса отырып, мемлекетімізде тыныштықтың орын алуына үлес қосуға шақырды.
Осындай қиын-қыстау кезеңде елдің тағдырына, болашағына бейжай қарамай, біріге еріктілер жасағын құрып, тұрғындардың тыныштығын күзетуге бел байлаған ауыл азаматтары өз ойын ортаға салып, бірлесе әрекет етуге шақырды.
Келесі кезекте сөз алған Қаракемер ауылының тұрғыны Кибеков Мұрат осы аралықта күн-түн демей кезекшілік жүргізіп, халықтың тыныштығын сақтауға атсалысқан жерлестеріне алығысын айта келе, бұл іс әрбір жанның азаматтық борышы екенін айтты. Сондай-ақ, Қаракемер ауылының азаматы Болат Төреев осындай екі ұлт арасындағы достыққа, татулыққа, бірлікке негізделген жасақ жұмысы алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұлтаралық татулықты нығайтса, өскелең ұрпақты тура жолға тәрдиелеуге септігін тигізсе деген ниетін білдірді.
Жиын соңында жоғарыда аты аталған ауыл азаматтары өз ойларын ортаға салып, қос ауылдың тұрғындары достығын одан әрі нығайту мақсатында татулықты ту еткен осындай іс-шараларды жиі өткізуге, спорттық шараларды, танымдық кездесулерді жиі ұйымдастырып тұруға мәміле жасасып, бірлескен бастамаларына сәттілік тіледі.
Айта кетерлігі, еріктілер жасағына 300-ге тарта ауыл тұрғындары атсалысты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.