A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайлық кәсіпкер өз аулында дәрігерлік амбулатория салуда

202

Құрылыс қарқын алған ауданымыздың әр елді мекенінде жұмыс қызу. «Ауыл – ел бесігі» және өзге де мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ауылдардың көшелері жөнге келіп, жаңа әлеуметтік нысандардың құрылыстары жүруде. Аудандағы осындай қызу тірлік Қаракемер ауылдық округінде қарқын алды. Құрамына Керу ауылы кіретін елді мекендегі тіршілік көңілге қонымды. Биыл Қаракемердегі 11 көшеге және Керудегі 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланса, қазіргі таңда округ орталығындағы Қонаев көшесін ретке келтіру аяқталып қалған. Көп ұзамай құрылысшылар шалғайдағы Керу көшелерін қолға алатын болады.
Сонымен қатар, осы осы ауылдың тумасы, белгілі кәсіпкер Қ.Молдасейітовтің демеушілігімен 15 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салынуда. Замануи үлгіде салынып жатқан дәрігерлік нысанның құрылыс жұмыстары бүгінде қызу жүруде. Мұнымен қоса, осы ауылда екі пәтерлі 10 тұрғын үй құрылысы басталды. Онда негізінен ауылға келген жас мамандар мен әлеуметтік тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар қоныстанбақ.
Ауыл жаңалығы мұнымен шектелмек емес, ауыл маңына шағын футбол алаңының құрылысы басталса, наурыз айында кең жолақты ғаламтор желісі тартылды. Бұл, ауыл жастарының көптен күткен жағымды жаңалығы еді. Қаракемерде қолға алынған тағы бір игі шара жоба құны 880 миллион теңге болатын ауыз су тарту жобасы жүзеге асырылуда. Су құбыры жыл соңына дейін тартылып, 4 мыңға жуық тұрғыны бар Қаракемер ауылының ауыз су тапшылығы мәселесі түбегейлі шешілмек. Ауылдағы құрылыс жұмыстарының сапалы және уақытылы аяқталуы аудан басшылығының ерекше назарында екенін атап өту керек.

Қордай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.