A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайда ауыл шаруашылығын қолдауға баса мән беріледі

156

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауы шыққалы оны халық арасында насихаттау жұмыстары қызу жүруде. Әр өңірде арнайы ақпараттық-түсіндіру топтары құрылып, нақты істер басталды.
Осы орайда, Жолдауды насихаттау мақсатында «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалында және Бетқайнар ауылында жиын өтті. Кездесуде аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрболат Сатымқұл ауыл тұрғындарына Жолдауда айтылған мәселелерді айтып, сөз кезегін аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Ержан Әденге берді. Өз кезегінде Ержан Мәмбетұлы Президенттің агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобаларын қолға алып, шағын және орта бизнеске қолдау шараларын арттыру туралы тапсырмаларын кәсіпкерлер жылы қабылдағанын жеткізді.
— Биылдан бастап жүзеге асқан «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобасын тиімді және ұтымды пайдалана отырып, өндірілген ауылшаруашылық өнімдерін делдалсыз өткеруге болады. Бұл пилоттық жоба оңтүстік өңірлерде 2020 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Қазірдің өзінде «Алқаптан сөреге дейін» жобасы аясында Жамбыл облысында сауда желілеріне өндірген өнімін өткеруге 52 тауар өндіруші дайын. «Егістіктен – дүкен сөресіне дейін» жобасын жүзеге асыру үшін Жамбыл облысына 1 млрд теңге бөлінгенін атап өту керек. Сонымен қатар, Жамбыл ауылдық округі тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсату жобасы да өз нәтижесін беруде, – деген Ержан Әден келесі жылы кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау одан да арта түсетініне сенім білдірді.
Осыған орай Ержан Мәмбетұлы кәсіпкерлікке қатысты қандай да сұрақтар бойынша аудандық палатаға жүгінуге болатынын тілге тиек етіп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Өз кезегінде жиынға қатысушылар Президенттің Жолдауын қолдайтындықтарын білдірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.