A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордайда 2 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілген

195

«Бірлігі бекем елдің- ырысы мол» демекші Қордай ауданында мұқтажға қолын созып, демеушілік танытатын қайырымды жандар жетерлік. Ауданда карантин жарияланған күннен бастап бүгінгі күнге дейін аз қамтылған отбасыларға, тіпті күні-түні халықтың денсаулығы үшін қызмет етіп жатқан дәрігерлердің отбасы да назардан тыс қалған емес. Жалпы бүгінгі күнге «Біз біргеміз» акциясына аясында 2 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілген. Осындай Қордай ауданының қайырымды азаматтары 1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 100-ге жуық көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға жергілікті кәсіпкерлер азық-түлік себеттерін ұсынды. Қайырымдылық шаралар ауданның барлық ауылдарында өтіп, бүгінде жақсылық жасап жарысқан қалталылардың көмегіне ие болған болған жандардың алғысы зор.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.