A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордай трагедиясы: Төрт адамды өлтірген күдікті ұсталды

239

Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылындағы қақтығыстар кезінде төрт адамды атып тастаған ер адам ұсталды. Ол екі жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Дәурен Қозыбақов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 7 ақпанында Масанчи ауылында күдікті аңшы мылтығымен төрт адамды атып өлтірген.

Қозыбақовтың айтуынша, қылмыскер Алматы облысында қолға түсті.

«Алматы облысында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Ол 2020 жылы 7 ақпанда Қордай ауданы Масаншы ауылында бір топ адамның ішінде аңшы қаруымен төрт адамды атып тастады», — деді Қозыбақов ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.

Одан 12 калибрлі МР-27ЕМ-1С» аңшы мылтығы тәркіленген. Істің мән-жайы толық зерттеледі.

Еске сала кетсек, 2020 жылы 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, соңы тәртіпсіздікке ұласты. Масанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылы тұрғындарының баспанасы, дүкендер, дәмханалар мен көліктер отқа оранды.

Сол күні Қордай ауданының Қаракемер, Масанчи, Бұлар батыр ауылдарында 176 адам медициналық көмекке жүгінді, 41-і жатқызылды. Он бір адам көз жұмды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.