Бүгін Қордай ауданында коронавирус пандемиясының таралуының алдын алу, карантин режимі талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында төтенше жағдай бойынша аудандық штаб төрағасының орынбасары Б.Жамангозов аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және полиция қызметкерлерімен бірлесе рейд жұмыстарын жүргізді.
Атап айтсақ, аудандағы халық ең көп шоғырланған «Бауырхан» және «Үсен ұлы» базарларында, базар маңындағы «Жан-Сая» әмбебап сауда кешенінде, «Берекет» ет, «Сұлтан», «Золушка» сынды азық-түлік дүкендерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кетерлігі, бүгінде Қордайдағы қоғамдық көпшілік орындарда аудан тұрғындарының медициналық бетперделермен жүргендігін және сауда орындарында санитарлық талаптарды сақтайтын халықтың саны едәуір артқандығын байқауға болады. Алайда, сақтық шараларын толық орындамай, талапқа көнбеген сауда орындары да баршылық.
Мобильдік топ мүшелері қолында бар бетпердесін тақпаған саудагерлерге қатаң шара қолданылатындығын естеріне түсіріп, ескерту жасады.
Тәртіп сақшылары рейдтік іс-шаралар барысында тұрғындарға төтенше жағдай режиміндегі шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің қарастырылғанын ескертіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қордай ауданында мобильді топ мүшелері күнделікті рейд жұмыстарын жүргізіп, жаңадан енгізілген шектеулер бойынша халықты кеңінен ақпараттандыруда.
Осы орайда, аудан тұрғындарын төтенше жағдай режимін бұзбай, карантин талаптарын орындауға шақырамыз.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық