A place where you need to follow for what happening in world cup

Қонаевтықтар қордаланған сауалдарын қоғамдық қабылдауда қойды

252

Бүгін Шу ауданы Қонаев ауылында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Қажетті санитарлық талаптарды сақтай отырып,Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бекіткен жоспарына сәйкес аталған шараның мақсаты жергілікті атқарушы орган басшылары елді-мекендерге шығып, халықтың көкейіндегі сауалдарға тұшымды жауап беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу болатын.
50-ге тарта ауыл тұрғындары жер қатынастары, кәсіпкерлік,ауыл шаруашылығы, әлеуметтік мәселелер, жұмыспен қамту, тұрғын үй шаруашылығы, мәдениет саласы бойынша сұрақтарына жауап алып, аталған шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Сонымен қатар Шу ауданы әкімінің міндетін атқарушы Н.Жақсыбаев пен ауданаралық прокуроры С.Бүркітбаев тұрғындармен тілдесіп, жеке мәселелерімен қабылдау өткізіп, тиісті жауабын беретінін жеткізді. Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы да өзіне қайырылған адамдарға жұмыс ретін түсіндірді.
Ашық аспан астында өткен шара көптің көңілінен шығып, осында пайдалы шараларды көптеп ұйымдастырылса деген тілегін жеткізді. Аталмыш шара алдағы уақытта Бірлік, Жаңақоғам, Алға және Жаңа жол ауылдық округтерінде жалғасатын болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.