Шардаралық Қыдырғали Оңғарбаевқа армрестлингтен 26 дүркін әлем чемпионы Джон Брзенкті жеңген соң екі бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл туралы ол Otyrar арнасына айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Пәтерді менің ұстазым және жаттықтырушым, Түркістан облысының гир спорты мен армрестлинг федерациясының президенті Арман Қарсыбаев «Шардара Армспорт» ұжымымен бірге сыйлады», – дейді спортшы.
Қыдырғали қазір Шардарада жасөспірімдерді жаттықтырады және алдағы әлем чемпионатына дайындалып жатыр екен.
«Үйімде ең кішкентай баламын, әзірге пәтерді не істейтінімді шешкен жоқпын. Әйелім және қызым бар, барлығымыз ата-анамызбен бірге тұрамыз. Пәтерді не істейтінімді бірге ақылдасып шешетін боламын. Бірақ сыйлыққа пәтер алғанда қатты таңқалдым, мұндайды күтпедім. Ата-анам мен туыстарым да таңданып, мені құттықтады», – деп қосты Оңғарбаев.