A place where you need to follow for what happening in world cup

Қоғамның дамуына кедергі келтіреді

907

Сыбайлас жемқорлық дүниежүзі елдеріне теріс құбылыс ретінде таныс. Нағыз экономикалық гүлденуге сыбайлас жемқорлық құбылыстарын азайтқан мемлекеттер ғана қол жеткізетіні белгілі. Себебі, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық салаларына: экономика, әлеуметтік сала, саясатқа әсерін тигізеді, ал осы құбылыстан туындайтын оның теріс салдары қоғамның ілгері әрі қарқынды дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қауіп төндіреді.
Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Елімізде жемқорлықпен күресу үшін заңнамалық база құрылған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті сыбайлас жемқорлықтан туындайтын қауіптерден қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, оны айқындау, жолын кесу, ашу, салдарын жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту арқылы мемлекеттік органдардың, лауазымды және мемлекеттік функцияларды атқаратын басқа және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызмет көрсетуіне, жат құбылыспен күрестің негізгі принциптерін айқындауға, оған қатысты құқық бұзушылықтардың түрлерін, ол үшін жауапкершіліктің шарттарын орнатуға бағытталған.
Бұл індетке азаматтық қоғамды жұмылдырып қана тиімді қарсы тұру мүмкін. Тек солай ғана біз неғұрлым бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына кіру идеясын жүзеге асыра аламыз.

Тимур Тұрсынбеков,
Жамбыл аудандық кадр бөлімшеснің басшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.