A place where you need to follow for what happening in world cup

Қоғамдық бақылау комиссиясы тергеу изоляторына келді

717

Облыстық ҚАЖ мекемелерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сындарлы, конструктивті өзара әрекеттесу шеңберінде қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері облыстық ҚАЖ департаментімен бірлескен мекемелерге консултация өткізу жоспарына сәйкес сапары ұйымдастырылды.
Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың ұстау жағдайларына мониторинг жүргізуге жәрдем көрсету, ұстау жағдайларын жақсартуға және олардың кұкықтарын қорғау, сондай ақ Қазақстан Республикасының адам кұқықтарына қатысты заңнамасының нормалары сақталуына түсіндіру жұмыстары және бақылау жүргізу мақсатында, ағымдағы жылдың 2 ақпанында Қоғамдық комиссиясының төрағасы Д.Р. Халидов пен өкілі И.Д. Дастан және ҚАЖ департаментінің сотталғандардың тәрбие жұмыстыры жөніндегі бас маманы әділет подполковнигі А.С. Танашева облыстық ҚАЖД №67 мемлкеттік мекемесінде ұсталынып отырған арнайы контингенттерді қабылдау жұмысы жүргізілді. Яғни мекемеде жазасын өтеп жатқан тұлғалар арасындағы әлеуметтік-кұқыктық жағдайларын, азаматтық құқықтарын қамтамасыз етумен және олардың жеке сұрақтары бойынша мәселелері шешіліп т.б. сұрақтары талқыланды.

Меруерт Мыркалиева

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.