«Ауыл береке» базарында көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілуде. Қала әкімі Айтқазы Қарабалаевтың қабылдауына осы уақытқа дейін 11 азамат жазылды. Азаматтардың түйіткілді мәселесін тыңдаған қала әкімі Мелиоратор көшесі жол, ауыз су саласы бойынша зерделеу жүргізу үшін тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырма берді. Сонымен қатар базардағы кәсіпкерлер базардың жұмыс уақытын және қоғамдық көлік қозғалысының уақытын созу туралы өтініштерін жеткізді. Көшпелі қабылдауға прокуратура, полиция ХҚКО өкілдері қатысуда.
№3 аумақтық аудан – облыс орталығындағы ең үлкен аудандардың бірі. Мұнда 35 мыңнан астам адам тұрады. Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы Болат Баудиновтың айтуынша, бұл ауданға үш жазғы коттедждер, «Ауыл-Береке» базарының айналасындағы көшелер, автовокзал алаңы және «Төңкеріс» және «Телеорталық» массивтері кіреді.
– Қала әкіміне көкейіндегі сауалды жолдап, ойын жеткізуге жиналған қауымның қарасы қалың. Пандемияға байланысты бүгінде тұтынушының да саны азайған. Оның үстіне қоғамдық көліктің қатынасы шектелгеніне байланысты базар қызметін тұтынушылар да көп емес. Бұл аймақтың тұрғындары үшін күні бүгін ең басты проблема – қоғамдық көліктің қатынауы болып тұр, – деді инспектор.