Жамбылдық волонтерлар төтенше жағдай кезінде қойылатын талаптар мен COVID-19 пандемиясының алдын алу шаралары жазылған үнпарақтар таратты. Жастардың бұл бастамасы облыста құрылған 16 блок-бекетте бүгіннен бастап іске асырылуда.
Жұқпалы аурудың таралуына жол бермеу үшін жүргізушілерді, жолаушыларды және автокөліктерді тексеру мақсатында құрылған блок-бекеттерде полиция қызметкерлерінің жұмысы күшейтілген тәртіпте жүргізіліп жатыр. Осы орайда, облыс волонтерлары автокөліктердің кезекте ұзақ тұрмауы үшін және кептеліс тудырмас үшін полиция қызметкерлеріне көмектесіп, ол кісілердің жұмысын жеңілдетуге өз үлестерін қосты.