A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлеріне арналған семинар өтті

204

2023 жылғы 12 мамырда Тараз қаласы Ықылас Дүкенұлы атындағы Филармонияда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметте парасаттылық идеологиясын ілгерілету» тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасы бастығының орынбасары Бақытхожаев Ербол Жұмақадырұлы, “ АМАНАТ” партиясының Тараз қалалық филиалының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекеттік басқару қоғамдық кеңесінің төрағасы Мырза -Ғали Эльмира Иниятқызы ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет спдасындағы бақылау басқармасының басшысы Мадиев Қуат Қайратұлы, сонымен қатар Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әілет подполковнигі Еркін Үсенұлы Нұрбаев пен Жамбыл облсы ҚАЖ департаменті қызметкерлерi, оған қарасты барлық мекеме басшылығымен жеке құрамы қатысты.
Жиынды департамент бастығының орынбасары Еркін Үсенұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ деген сөзімен ашты
Кездесуде сөз алған Ербол Жұмақадырұлы Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады деді
Келесі сөз кезегі Эльмира Иниятқызына берілді Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конститутциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір қасиетін құрметтеуге міндетті.
«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние – байлық неге керек, денсаулығың болмаса, төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл құқық қорғау саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің бағдары іспеттес. Жиын соны жеке құрам қызметкерлерімен сұхбатпен аяқталды.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.