A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлері ревакцинациядан өтуде

427

Қазақстан Республикасы Бас санитар дәрiгерiнiң қаулысына сәйкес ревакцинация жасау басталып кетті. Елiмiз жасыл аймақта болғанымен, эпидахуалдың алдын алу үшiн екпе ектіру барлығымыз үшін ортақ мiндет болып табылады. Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесінің басшы кұрамынан бастап, жеке құрамнын барлығы дерлiк «Казвак» ревакцинациясын салдырды.

Мекеме кызметкерлеріне ревакцинацияны №7 қалалық емхананын кызметкерлерiнiң ықпалымен жасады. Жамбыл облыстық қылмыстык атқару жүйесінің қызметкерлері өз өмiрлерiне жауапкершілікпен қарайтындығын тағы бiр дәлелдегендей. Ел амандығы, болашактың жарқын кепілі. Айта кетейік, сондай-ақ ЖД 158/1 мекемесiнiң қызметкерлерiнен бөлек мекемеде отырған сотталғандар мен тергеудегi азаматтарға да ревакцинация жасалынды. Қазіргі уакытта 70 % пайызы ревакцинациямен қамтылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.