A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлері арасында футболдан жарыс өтті

3 439

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы еліміз бойынша кең көлемде аталып өтілуде. Бұл қатардан Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті де қалыс қалып жатқан жоқ. Мәселен күні кеше департаментке қарасты мекемелер арасында кіші футболдан турнир өтті. Жарысқа ҚАЖ департаментінің құрамасы, Тараздағы 5 түзеу мекемесінің қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатына Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Бекболат Ескеев және сала ардагері С. Мералиев қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Командалар кездесулерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздардың бірінші үштігі анықталды: I орын – ҚАЖ департаментінің құрамасы, II орын – ЖД-158/2 мекемесі, III орын – ЖД-158/4 мекемесі. Іс-шараның мақсаты өз еліне патриоттық сезімді тәрбиелеу және салауатты өмір салтын алдын алу болып табылады.

Дидар Рысбеков,

әділет майоры

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.