A place where you need to follow for what happening in world cup

ҚАЖ қызметкерлері – құрмет құшағында

177

Бүгін елімізде Қазақстан полициясының 30 жылдығы аталып өтілуде. Бұл күн Қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері үшін де ерекше күн. Батылдық пен шыдамдылықтың үлгісі болған тәртіп сақшылары құқықтық режим мен заңдылықты қамтамасыз етуде, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда күрделі әрі жауапты міндеттерді лайықты деңгейде орындайды.
Осыған орай, бүгін Тараз қаласындағы Ықылас Дүкенов атындағы мәдениет үйінде мерекеге арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Нияз Рыспаев, жеке құрам қызметкерлері, сала ардагерлері қатысты.

Жиында сөз алған департамент бастығы, әділет полковнигі Н. Рыспаев ҚАЖ саласында ұзақ жылдар бойы табан аудармай еңбек еткен ардагерлер мен барша қызметкерлерді мерейлі мерекемен құттықтады.

– Еліміздің гүлденуімен қатар ҚАЖ саласы да өз даму жолынан өтті. 30 жыл бойы сала қызметкерлері ішкі тыныштық пен тәуелсіздікті сақтау жолында талмай, танбай тер төгіп келеді. Ел тыныштығын ойлаған айбынды да адал қызметтің нығметі назардан тыс қалған емес.
ҚАЖ қызметкерінің жұмысы адамнан білімділікті, жан-жақтылықты, жауапкершілік пен төзімділікті қажет етеді. Халыққа қызмет ету – құрметті мамандық. Қазіргі уақытта сіздердің күнделікті жүйелі және үйлесімді жұмыстарыңыздың арқасында еліміздегі қауіпсіздік қамтамасыз етілуде. Күш-жігерлеріңіз алдағы уақытта да Қазақстанның мемлекеттілігін дамытуға бағытталатынына сенім білдіріп, елдің игілігі жолында атқарып жатқан қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын, – деді департамент бастығы өз сөзінде.

Жиын барысында, сондай-ақ, бірқатар қызметкерлер марапатталды. Оларың қатарында департаментке бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері де бар. Атап айтқанда, мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев және мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Бақытжан Қасымбековке мерекелік төсбелгілер тағылды. Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін және ҚР полициясының 30 жылдығына орай мекеме ЕТҚЕ инспекторы, әділет аға лейтенанты Кәмшат Әбдімомынова, жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Дәурен Қуаныш және жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Жолаушыбек Шалқар грамоталармен марапатталды.

Кәмшат Әбдімомынова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты

ЖД-158/2 мекемесі ЕТҚЕ инспекторы, әділет аға лейтенанты

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.