A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстанды мақтан етемін

222

Соңғы төрт жылдан бері Елбасының көшбасшылығы мен сарабдал саясатының арқасында мемлекетімізде тағы бір тағылымды мереке аталып өтуде. Ол-Алғыс айту күні.Бұл тәуелсіз еліміз үшін жақсы дәстүрге айналып, жылдан-жылға тойлану ауқымы артуда. Көктемнің алғашқы күнінде келетін бұл мереке көктемнің күніндей жаңарып, түрленіп бір-біріне достық пен бауырластық сыйлайтын мейрам. Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде кез келген ұлттар ризашылықтарын білдіріп, қазақ еліне, жеріне алғыс білдіріп жатады.

Мен  Қырғыз ұлтының өкілімін. Жаңатас қаласында тұрамын. Осында тұрмысқа шығып, ұл мен қызды болып отырған жәйім бар.  35 жыл балабақшада қызмет етіп, басшылық жасап, ұжымыммен болашақ ұрпақты тәрбиелеудеміз.

Әрбір отбасы шағын мемлекет секілді, онда сыйластық, сүйіспеншілік, бауырмалдық орнағанда ғана бірлік, татулық болады. Бүгінде еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қазақ халқы үлкен мейірбандық танытып келеді.  Сол үшін біз қазақ халқына дән ризамыз.

«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» дейді шығыс даналығы. Үнемі балаларыма туған елге, өмір сүріп жатқан жеріңе, ата-анаңа қамқорлық жасап, адал болыңдар деймін. Қандай зат алсаңдар да не істесеңдер де таза жүрекпен алғыс айтыңдар. Сонда ғана еліміздің бейбітшілігі баянды, мәңгі болады деп бағыт-бағдар беремін. Қазақ еліне деген ыстық ықыласым шексіз.

Алғыс айту күні – бұл қазақстандықтардың бір-біріне деген ризашылық пен махаббаттың мерекесі. Сондықтан, біз Қазақстанды қашанда, қай жерде жүрсек те мақтан етуіміз керек. Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сейне Ахметова, Қырғыз ұлтының өкілі, «Болашақ» балабақшасының меңгерушісі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.