A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң Үстемдігі» жобасын бастады

479

«Әділдік жолы» қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң үстемдігі» жобасын бастады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиал жетекшісі Назима Жұбандықова айтты.

«Әділдік жолы» РҚБ еліміздің барлық өңірлерінде заң бұзушылықтарды алдын алып, қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң үстемдігі» жобасын іске қосты.

Жобаның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне төзбеушілік ортасын қалыптастыру және де осы процесске ел азаматтарын жаппай тарту.

Бұл жоба Мемлекет басшысы атап өткен «Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыру мен қоғамдағы Заң және құқықтық тәртіп үстемдігін қалыптастырудағы нақты қадамдардың бірі болмақ.

«Біз құқық бұзушылық жасау, пара беру немесе әлсізге қолын көтеру туралы ойдың өзін айыптайтын қоғамға айналуымыз керек.
Бұл қиын жұмыс, бірақ бұл жолды еңсеруіміз қажет. «Әділдік жолы» командасы 2 жыл бойы белсенді жұмыс істеп, қоғамда құқықтық сауаттылық бойынша олқылықтар бар екеніне көз жеткізді.

Атап айтқанда, «Әділдік жолы» бірлестігінің жұмысының арқасында 2023 жылы 69 тұлға түрлі заң бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеп, 113 млн. теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылып, 8 қылмыстық іс қозғалған.

Айта кету керек, «Заң үстемдігі» жобасына ҚР кез келген азаматы қатыса алады. Әрбір тұрғын сыбайлас жемқорлық фактілері (кез келген саладағы) мен басқа да мәселелерін 1463 Call-орталығы немесе Adildik.kz сайты арқылы хабарлап, өз сауалдары бойынша құқықтық кеңестер мен көмек ала алады.

Дариха Үмбетиярова

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.