Қазақстандық зілтемірші Айзада Мүпділдә Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарында алтын жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
87 келіден аса салмақта өнер көрсеткен Айзада 266 (116+150) келі көрсеткішімен рекорд орнатты.
Осы салмақта өзге қазақстандық атлет Любовь Ковальчук 261 (114+147) келі көрсеткішпен күміс жүлдегер атанды.
Айта кетсек, қазақстандық зілтеміршілер осымен 8 алтын, 15 күміс және 3 қола жеңіп алды.