A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстанда жас жазушылар мен ақындарға арналған сыйақы тағайындалмақ

768

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Павлодар облысында халықпен кездесу кезінде 2023 жылдан бастап Қазақстанда 18 бен 29 жас аралығындағы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр жас қаламгерлерді қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан басқа да жобаларға тоқталып кетті.

“Біз «Жаңа қазақ әдебиеті» атты жобаны қолға алдық. Оның аясында жас авторлардың кітаптары 3000 дана таралыммен шығатын болады. Бұл жұмыс өскелең ұрпақтың жаңа ойлау жүйесін дамытуға, олардың шығармашылық рухы мен жаңашыл идеяларын қолдауға көмектеседі. Сонымен қатар, қазір жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрайтын тұңғыш ұлттық әдеби «Айбоз» сыйлығына өтінімдер қабылдануда. Осылайша, жаңа бастаған авторларды, прозадағы, поэзиядағы және драматургиядағы мықты таланттарды қолдаудың жаңа тетіктерін жасап жатырмыз», — деді Дәурен Абаев.

Бұған дейін Абаев мәдениет қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін қолдауға бағытталған UMAI сыйлығының құрылғанын мәлімдеген болатын. Ұлттық сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 миллион теңгені құрайды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.