A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді тетіктерді қалыптастыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда

342

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданды.
Соңғы өзгерістер туралы айтатын болсақ, бұл 2019 жылдың соңында енгізілген қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершілігі институты, нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру, Қазақстанның ГРЕКО-ға қосылу процесін аяқтау.
Өткен жылы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі қабылданды; мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің сыйлықтар алуына толық тыйым салынды; сыбайлас жемқорлық субъектілерінің құрамы кеңейтілді және комплаенс-қызметтер институты енгізілді.
Бұдан басқа, 20.12.2020 жылы Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық шаралар көздейтін Заңға қол қойған болатын.
Аталған Заңда Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жазаны қатаңдату және оған қарсы іс-қимылдың жаңа құралдарын енгізу туралы тапсырмалары іске асырылған.
Агенттік пен оның аумақтық департамент өкілдері өткен жылдың соңында қабылданған — қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы заңнамалық өзгерістерді жан-жақты түсіндірген болатын.
Бүгін мен пара беру мен парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу дерегі үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында қабылданған нормаларға тағы да назар аударғым келеді.
Соңғы 2 жыл ішінде Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен, пара берудің — 113, парақорлықта делдал болудың — 79, әр түрлі құқыққа қайшы бизнес жұмысына араласудың — 34 дерегі тіркелген.
Өткен жылдың 1 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында пара берушілер мен делдалдардың жауапкершілігін күшейтуді тапсырды.
Бұл тәсіл халықаралық озық тәжірибеге толық сәйкес келетінін атап өткен жөн.
Лауазымды адамдарды параға сатып алумен әдейі айналысатын, не заңсыз сыйақы беру кезінде делдал болған адамдар, елеулі қылмыстық жауаптылықта болуға тиіс.
Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалды. Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізілді.
Мысалы, егер бұрын Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінде көзделген «айтарлықтай мөлшерде пара беру» қылмысы үшін ең жоғары санкция 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құраса тиісінше, бұл әрекет орташа ауыр қылмыс деп танылды.
Ал қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды, бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа – яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген.
Азаматтар сыбайлас жемқорлықпен күрестің ауырлығын түсінуі керек. Күшейтілген санкциялар қосымша тежеуші фактор болады деп үміттенеміз.
Пара берушілер де, пара алушылар да қатаң жазаланатын болады.
Парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін бірнеше рет, не қылмыстық топпен немесе өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған адамдарға да осындай, қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі және шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу түріндегі қатаң шаралар қолданылатын болады.
Бас бостандығынан айыру мерзімдерінің ұлғаюынан басқа, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін, айыппұл мөлшеріде бірнеше есеге өсті.
Мысалы, енді қарапайым пара берушілер үшін (50 АЕК дейін) айыппұлдың ең төменгі мөлшері 2 есеге, параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтылды.
Мысал ретінде, егер адам 100 мың теңге пара бергені үшін сотталған болса, онда оған ең төменгі айыппұл ретінде сотпен тағайындалған айыппұл мөлшері 2млн.теңгені құрайды. Осыған дейін, ең төменгі айыппұл мөлшері 1 млн. теңгені құрады.
Сол сияқты делдалдар үшін де айыппұлдың мөлшері 2 есеге ұлғайтылды.
Бүгінгі алаңды пайдалана отырып, тағы да азаматтарды заңсыз сыйақы төлеу арқылы мәселелерді шешуден бас тартуға шақырамын. Бұл үшін қатаң қылмыстық санкциялар қарастырылған.
Президент өзінің қыркүйектегі Жолдауында, мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез-келген заңсыз араласуы, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі жасау мемлекетке қарсы ауыр қылмыс ретінде қабылдануы керек деп атап өтті.
Кәсіпкерлікті дамыту мен қорғау әрқашан ел басшылығы саясатының басымдығы болып келеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі де, осы міндетті шешуге бағытталған.
2018 жылдан бастап, Агенттік Сыртқы істер министрлігімен, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп — бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша арнайы жобаны іске асырып келеді. Бұл кәсіпкерлерді жосықсыз лауазымды тұлғалар тарапынан ықтимал қысымның, заңсыз сыйақы талаптарының алдын алу мақсатында мемлекеттік құрылымдармен және т.б. олардың өзара әрекеттесу процесінде сүйемелдеуден тұрады.
Бүгінгі таңда, инвестицияның жалпы сомасы 517 млрд. асатын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеудің» 36 бизнес-жобасы бар.
Бизнесті қорғауды күшейту контексінде, кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтірмеу мақсатында Қылмыстық кодекске жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілді.
Енді құқық қорғау органдары қызметкерлерінің бизнеске араласқаны үшін 2 жылдың орнына, 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қауіпі бар.
Құқық қорғау органдары басшылығының және судьялардың осындай әрекеттерді жасауы одан да қатаң жазаға – яғни, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Жоғарыда баяндалған барлық заңнамалық нормалардың қабылдануы – жемқорлықпен күресті күшейтуге зор үлес қосып, оның деңгейін төмендетуге ықпал ететін болады.

Ә. Әшірбаев
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.