Қазақстанда 2020 жылдың қазан айынан бері күнбағыс майының қымбаттауы байқалған. Бүгінге күнге дейін оның бағасы 7 есеге өскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі зерттеуден кейін Қазақстанда күнбағыс майы көп шоғырланған нарық деген тоқтамға келген. Дегенмен отандық өндірушілер тұтынушыларды өніммен толық қамти алмай отыр. Қазір импортты тауарлардың үлесі 30%-ға жеткен.
Агенттік мәліметіне сүйенсек, бағаның өсуіне шикізат сатып алу құнының өсуі, әлемдік баға, егістіктің аз болуы, судың қымбаттауы, шетелдік тауарға тәуелділік сынды факторлар себеп болған.
«Аталмыш нарықта бәсекенің дамуын әкімшілік тосқауылдар арқылы ұстап отырмыз», — деп мәлімдеді агенттік қызметкерлері.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі көрсетілген сараптама нәтижелерін Ұлттық экономика министрлігіне жіберіп, 2022-2024 жылдары инфляцияны бақылау және төмендету бойынша тиісті шаралар ұсынған.