A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстанда дзюдодан Азия чемпионаты басталды

179

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды. Жарыс аясында қазақстандық спортшы Абиба Әбужақынова күміс медаль жеңіп алса, Мағжан Шамшидин мен Ғұсман Қырғызбаев қола медаль иеленді. Олар Жапония мен Моңғолия спортшылармен белдескен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дзюдодан әйелдер мен ерлер арасындағы Азия чемпионаты Нұр-Сұлтандағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы күрес сарайында өтіп жатыр.

Құрлық біріншілігінде татами шеберлері жекелей және командалық-аралас жарыста мықтыны анықтайды. Жарысқа Азияның 19 елінен 200-ге жуық дзюдошы қатысқан.

Жарыстың ашылу салтанытаны Халықаралық дзюдо федерациясының вице-президенті Абид Әл Анзи қатысты. Кейін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевпен Қазақстанда дзюдоны дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан ерлер құрамасы келесіде: Мағжан Шамшидин (60кг), Бауыржан Нарбаев (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Ерлан Серікжанов (73 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Дидар Хамза (90 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг), Ислам Бозбаев (-100 кг), Әділ Оразбаев (+100 кг).

Қазақстан әйелдер құрамасы: Абиба Абужақынова (48 кг), Ғалия Тынбаева (48 кг), Гаухар Ирмағамбетова (52 кг), Севара Нышанбаева (57 кг), Мөлдір Нарынова (63 кг), Анастасия Маякова (70 кг), Аруна Жангелдина (-78 кг), Камила Берліқаш (+78 кг), Назгүл Маратова (+78 кг).

Азия чемпионаты қатысушыларының арасында әлем чемпионатының және Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Мәселен, Токио 2020 чемпионы Аарон Уольф пен Соне Акира, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Юнвэй мен қола жүлдегері Ценд-очир Цогтбаар, әлем чемпиондары Умеки мами мен Кагеура Кокоро, екі дүркін жүлдегерлері Риужу Нагаяама мен Ким Вон Жин.

IJF ережесі бойынша Азия чемпионатының жүлдегерлері мен жеңімпаздарына олимпиадалық рейтингте ұпай қосылады: 1-орынға 700 ұпай, 2-орынға 490 ұпай, 3-орынға 350 ұпай.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.