A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстанда дәрігерлер жатырын алып тастаған әйел дені сау сәби дүниеге әкелді

358

Жеті жыл бұрын жатырын алып тастаған әйел дені сау сәби дүниеге әкелген. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы ерекше жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жеті жыл бұрын Қостанай облысы ауылдық окургінің тұрғыны денсаулығына байланысты жатырын алып тастауға мәжбүр болған. Дегенмен уақыт өте әйел жүкті болып, дені сау сәби дүниеге әкелді.

“Әйелдің ағзасында ауытқулар болып, жатырдан қан кетіп, органы жойылды. Дегенмен уақыт өте келе сирек процестің арқасында жатырдың ағзада қалып қойған кейбір бөлігі дамып қайта қалпына келіп, жүктілік басталған. Ең бастысы, жүктілік кезеңі сәтті аяқталды”, – деп түсіндірді департамент.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.