A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстанда бала тууына байланысты қандай жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алуға болады?

219

Әлеуметтік төлем және бала күтімі бойынша жәрдемақы — бұл екі түрлі көмек түрі болып табылады. Туу және бала күтімі бойынша жәрдемақы – жұмыссыз ата-аналарға тағайындалады. Ал, әлеуметтік төлемдерді — міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары ғана ала алады.
Бала тууға байланысты жәрдемақы
Бұл жәрдемақыны барлық әйелдер яғни, босанғанға дейін жұмыс істеп немесе жұмысқа орналаспағанына қарамастан алуға құқылы. Төлемдер туған немесе асырап алынған балалардың туыстарына бір рет қана тағайындалады.
Бірден екі, үш және одан да көп бала туылған кездегі жағдай Әлеуметтік Кодексте қарастырылған. Мұндай жағдайда жәрдемақы әр жаңа туған нәрестеге жеке төленеді.
Бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы
Мұндай әлеуметтік көмек жұмыс істемейтін яғни, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылмайтын ата-аналарға төленеді. Жәрдемақы туған, асырап алынған, қамқорлыққа алынған және өгей балаларға ай сайын төленеді. Жәрдемақы бір жарым жасқа дейінгі әр балаға тағайындалады.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем.
Әлеуметтік төлемнің бұл түрі бала күтімімен айналысатын және Қордан әлеуметтік төлемдер алуға құқығы бар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға баланың туу туралы куәлігінде көрсетілген туған күнінен бастап тағайындалады. Егер бала күтімімен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің бірнеше қатысушылары айналысатын болса, аталған адамдардың біреуіне ғана әлеуметтік төлем төленеді.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем.
Әлеуметтік төлем құқығы еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген жүктілік және босану бойынша демалыс күнінен бастап туындайды.
Әлеуметтік төлемнің бұл түрі жүктілік және босану демалысындағы Қорға әлеуметтік аударымдар төленген әйелдерге тағайындалады. Сондай-ақ, жаңа туған нәрестені асырап алған немесе оған қамқоршылық алған адамдар да құқылы.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облысы бойынша филиалының PR-менеджері

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.