A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстан спортшысы рекорд жасады

5 242

Түркияның Кония қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында Қазақстан спортшылары 7 жүлде жеңіп алды деп хабарлады turkystan.kz halyq uni сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, 50 метрге брасс әдісімен жүзуден Аделаида Пчелинцева 31:71 секунд нәтижемен рекорд жасап, Ислам ойындарының чемпионы атанды.

Әйелдер күресінен 68 келіде сынға түскен Мадина Бақбергенова мен көркем гимнастшы Эльжана Таниева және ауыратлетші Алексей Чуркин (73 кг) күміс жүлдені иеленді. Бұдан басқа, Эльжананың қола жүлдесі де бар. Көркем гимнастикадан командалық сайыста Қазақстан тағы бір қола медальге ие болды.

Өкінішке қарай, жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы бесінші орынға түсіп кетті. Әзербайжан елі спортшыларының алтын жүлделері бізбен бірдей болғанмен күмістері көп. Топ басында жеке-дара көш бастаған Түркия құрамасы. Екінші орында 27 алтын жүлдемен Иран болса, үздік үштікті Өзбекстан түйіндеп тұр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.