A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстан Ресейді қолдады

647

Ресей БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестен шығарылғанын жер жүзінің барлық ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Қарарды 175 елдің арасында 93 мемлекет қолдаған. Алжир, Беларусь, Орталық Африка Республикасы, Қытай, Қазақстан, Куба, Қырғызстан, Иран, Өзбекстан, Вьетнам, Мали, Никарагуа, Эфиопия, Сирия, Зимбабве, Конго, Габон, Лаос, Эритрея, Ресей, Тәжікстан, Бруней, Солтүстік Корея, Боливия қарсы дауыс берген. Ал 58 мемлекет қалыс қалды. Ресейді кеңестен шығаруды Украина 58 елмен бірлесіп ұсынған.

Қарар қабылданғаннан кейін Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресей Федерациясын БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінен шығарғаны үшін алғысын білдірді.

«БҰҰ Адам құқықтарын қорғаумен айналысатын органдарында әскери қылмыскерлерге орын жоқ. БҰҰ Бас Ассамблеясының тиісті қарарын қолдаған және тарихтың дұрыс жағын таңдаған барлық мүше мемлекеттерге ризамын», – деді ол.

Дәл осындай пікірді Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Сергей Кислица да білдірді.

«Адам құқықтарын өрескел бұзып отырған елді кеңес құрамынан шығару – таңдау ғана емес, міндет. Осыдан 30 жыл бұрын Руандада тутси халқына жасалған геноцидтің тағы да қайталануына жол бермеу қажет. Бүгін мұндай қасірет тура көз алдымызда болып жатыр», – деп атап өтті ол.

Ал  Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Геннадий Кузьмин БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында қарастырылған қарардың адам құқықтарына түк қатысы жоқ екенін, құқық қорғау саласына аздаған топтың кесірі тиіп отырғанын айтты.

«Ресей тарапы Бас Ассамблея қабылдаған қарарды БҰҰ-ға мүше тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізіп келе жатқан мемлекетті көпе-көрінеу жазалау мақсатында саяси мүддені көздеген және бұрыс қадам деп қарастырады», – деді ол.

Әлеуметтік желіде Қазақстанның ұстанымына қатысты қызу пікірталастар да болып жатыр. Желі қолданушылар Ресей барлық елдерге Адам құқығы жөніндегі кеңестен шығаруға арналған қарарға дауыс берсеңдер, не қалыс қалсаңдар, шара қабылдаймыз деп доқ көрсеткен деген деректерді келтірген. Соның ішінде Қазақстан да бар көрінеді.

«Бүкіл экономикамыз солтүстіктегі көршімізге байланғандықтан, қарарға қарсы дауыс беру – әрбір қазақты қорғауға берілген дауыс», – деген пікір қалдырған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.