A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы көпір құрылысы басталды

58

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов маңызды көлік инфрақұрылымы нысанының – «Түрікменбашы-Гарабогаз-Қазақстан шекарасы» автомобиль жолы бойындағы Гарабогаз кёл шығанағы арқылы өтетін көпірдің іргетасын қалау рәсіміне қатысты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Заман талаптарын ескере отырып, Гарабогаз кёл шығанағы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысын бастауды қолға алған дұрыс деп санадық. Осы жылдың 16 маусымында қабылданған қаулыға сәйкес, жалпы ұзындығы 354 метр және ені 21 метр болатын автомобиль көпірінің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау және салу көзделген. Көпір Түрікменбашыдан Гарабогаз кёл шығанағы арқылы Қазақстан шекарасына дейін апаратын тас жолдың бойында салынады», – деп атап өтті Сердар Бердімұхамедов.

Жаңа көпір елдің шығыс және солтүстік өңірлері, сондай-ақ көршілес мемлекетпен арадағы тауар айналымы, жүк және жолаушылар тасымалы көлемін айтарлықтай арттырады деген жоспар бар.

Ол Түрікменстан, Ресей, Қазақстан, Иран мен Үндістанның жүк тасымалдаушыларына теңіз, теміржол және автомобиль көлігін пайдаланып, ең қысқа жолмен Солтүстік және Шығыс Еуропа елдеріне шығуға мүмкіндік бермек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.