A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстан-Қытай: Визасыз режим қашан күшіне енеді

34 863

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров СІМ-де өткен брифингте Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим қашан күшіне енетінін айтты.

Соңғы кездері қоғамда Қазақстан мен Қытай арасында визадан босату туралы келісімге қарсы ой-пікірлер айтылып жатыр. Бұл пікірлердің орынсыз екенін айтып өтейін. Бұл келісімге әлі қол қойылған да жоқ. Қол қойылғаннан кейін ғана күшіне енеді. Сондықтан қол қойылмаған келісімді қалай жоққа шығарамыз, — деді Айбек Смадияров.

Сонымен қатар Қытай азаматтары Қазақстанға былтыр жаздан бері 14 күнге визасыз келе алатынын еске салды.

Қазақстан көшелерінде Қытай азаматтары көптеп жүрген жоқ. Енді 14 күнге келетін азаматтар 30 күнге келе алады. Бұл — бір жағы. Екінші жағы, дәлірек, Қазақстан үшін ұтымды тұсы бар. Яғни Қазақстанның азаматтары да Қытай азаматтары сияқты Қытайда визасыз 30 күн бола алады. Бұл келісімге қол қойылған жағдайда жүзеге асады. Бұл туристік немесе іскерлік сапар ғана бола алады. Екі тараптың азаматтары да жұмыс істей алмайды. Бұл режимді бұзатын болса, олар жазаланады, — деп айтты Смадияров брифингте.

СІМ ресми өкілінің сөзінше, шекарадағы жүк көліктері де визасыз кіре алады.

Сауда-саттық артады. Ынтымақтастық артады. Қытайдың экономикасы алпауыт екенін білесіздер. Бұл Қытай тарапының келісімі бойынша Орталық Азияда беріп жатқан мүмкіндік берілген жалғыз ел. Келісімге қол мамыр айында қойылады. Кейін ол өз күшіне енеді, — деп түсіндірді Смадияров.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.